«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында фермерлерге ұңғымалар бұрғылау мәселелері талқыланды

2025 жылғы 11 Маусым
- Ұлытау облысы
112 просмотров

Өңірдегі шаруалардың қатысуымен ұңғымаларды бұрғылауға қатысты түйткілді мәселе Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі салалық кеңес отырысында қаралды.


Шақырылған сарапшылар – Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ерік Жұманов, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының Ұлытау аудандық су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінің бас маманы Айдана Әлімханова, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы басқармасының бастығының міндетін атқарушы З. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына енгізілген түзетулерге сәйкес, шаруа қожалықтары бұйрық күшіне енген күннен бастап 2023 жылы аяқталған ұңғымаларды бұрғылауға субсидия алуға өтінім бере алады. Бұйрық 2024 жылдың сәуірінде күшіне енді.

Дегенмен, шаруалардың өз айтуынша, өтінім беруде әлі де қиындықтар бар. Белгілі болғандай, ережеге өзгерістер енгізіліп, қосымша екі құжат қосылды. Соның бірі – коммуналдық қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес алынған арнайы суды пайдалануға рұқсат. Бұл рұқсатты Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы береді.
Жиын барысында инспекция мамандары шаруаларға құжат рәсімдеуге көмектесетіндерін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер