«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТМК жер қойнауын пайдаланудағы заңнамалық реформалар бейінді комитет отырысында қаралды

2025 жылғы 27 Ақпан
886 просмотров

«Атамекен» ҰКП-да Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ТМК жер қойнауын пайдаланудағы заңнамалық реформа мәселелері және металлургиялық кластерлерді дамыту тәсілдері қаралды.

Отырысқа «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова, ҚР ҰКП  Тау-кен және металлургия өнеркәсібі Комитетінің төрағасы Николай Радостовец, Қазақстан тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев, Республикалық қымбат металдарды өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Қанат Баитов және ТМК кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың қағидаттары тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін ел дамуын ескере отырып, бірнеше рет қайта қаралды, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, экономикалық күйреуден шикізат бағасының өсуіне көшуді бастан өткерген ел қалыптасуының тиісті кезеңдерін көрсетті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі Комитетінің  төрағасы Николай Радостовец жер қойнауын пайдаланудағы реформаларды одан әрі ілгерілету үшін ТМК секторын шоғырландыруды ұсынды.  

ТМК жер қойнауын пайдаланудағы заңнамалық реформаларды жалғастыру мәселесі бойынша Қазақстандық тау-кен палатасының президенті Руслан Баймишев, қымбат металдарды өндірушілер республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Қанат Баитов, Haller Lomax серіктесі әрі тең құрылтайшысы Тимур Одилов сөз сөйледі.

Кездесу барысында ТМК-ның барлық секторының күш-жігерін біріктіру және жер қойнауын пайдаланудағы реформаларды ілгерілету бойынша бірыңғай платформа қалыптастыру ұсынылды.

Комитет төрағасының айтуынша, жер қойнауы туралы кодекске және Жер, Су кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын жаңарту қажет. Ол саланы шоғырландырмай, оның барлық өкілдерінің ұстанымын жақындастырмай, реформаларды одан әрі ілгерілету мүмкін емес екенін баса айтты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова экономиканың шикізаттық модельден технологиялық және инновацияға көшуі үшін жоғары қосылған құн тізбегін құрудың маңыздылығына тоқталды.  

«Аталған мақсатқа жетудің ең тиімді тетіктерінің бірі – кластерлік даму. Әрбір кластер бизнестің өзара әрекеттестігін, кооперациялық байланыстарды оңтайландыруды және өндірістік факторларға негізделген теңдестірілген бағаны талап етеді. Өңірлік кәсіпорындарды дамытуға ерекше басымдық бере отырып, шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың, ғылым мен білімнің мүдделерін теңестіру маңызды», - деді ол.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – ТМК департаментінің директоры Рустам Шунтуков ҰКП-ның экономиканың негізгі салаларындағы кластерлерді дамыту бастамасын таныстырып өтті.

ТМК-да кластерді дамытудың мысалы ретінде спикер «Qarmet» АҚ келтірді, оның айналасында кокс-химия, домна, болат балқыту, болат құю өндірісін дамыту мақсатында металлургиялық кластер құру жоспарланып жатқанын жеткізді. ⠀

Іс-шара соңында комитет құрамына өзгерістер енгізу ұсынылып, оның дербес құрамы өзектендірілетін болады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер