«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда «Жақсылық жаршысы» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

2020 жылғы 14 Шілде
5226 просмотров

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавирус індетіне қарсы күреске жұмылған медициналық мекемелерге қажетті жабдық алу мақсатында «Жаңалық жаршысы» республикалық акциясын іске қосты

 14 шілде күні Atameken business телеарнасында «Жақсылық жаршысы» акциясын ресми түрде ашқан телевизиялық марафон өтті.

 «Қазақстандықтар қайырымдылық науқанына үнемі қатысады, көмек беру, қолдау көрсету қанымызға сінген қасиет болар. Осындай қолдау жүйелі болуын қалаймыз. Мәселен, өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарын тегін әкеп бергенде, олар техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтіні анықтылған. Осындай жайттар орын алмасы үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндік. Ведомство басшысы бізді қолдап, нақты қажеттіліктерді айтты», – деп хабарлады «Менің Атамекенім» ҚБ Атқарушы директоры Ләззат Шыңғысбаева.

 Акцияның алғашқы күндері отандық кәсіпкерлер, сондай-ақ эстрада жұлдыздары, саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, атап айтқанда Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Мүкей, Ирина Смирнова, Жандар Садықов, Қымбат Досжан, Тәңірберген Бердоңғар бастамаға қолдау білдірді.

 «Қазір біреуге дәрі-дәрмек, тағы біреуге өкпені жасанды жолмен желдету аппараты, тағы біреуге медициналық қызмет жетіспей жатқан қиын кезеңді өткеріп жатырмыз. Осындай ситуацияда медициналық орталықтар үлгере алмай жатқан кезде, біз қазақстандықтар болып отандастарымызға көмек көрсете аламыз», – деп атап өтті қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғар.

 «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZKX

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)

Барлық төлемдер мен жоба нәтижелері туралы есеп күн сайын ашық түрде жарияланып тұрады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер