«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау облысында Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталады

2020 жылғы 07 Шілде
- Маңғыстау облысы
4677 просмотров

Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау бүгін, яғни 7 шілдеде басталды. Құжаттарды қабылдау онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге немесе g.kamysbaeva@atameken.kz , ұ.т: 87014742826 хабарласуға болады.

         Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен  Кәсіпкерлер палатасынан аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

         Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

•        Қазақстан Республикасының азаматы болу;

•        өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;

•        кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;

•        өңірде жария тұлға болу;

•        кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;

•        бизнесінің тарихы оң болуы;

•        әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;

•        облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

•        Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді. 

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

         Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан да алуға болады.

Маңғыстау облысы бойынша ұ.т: 87014742826.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер