«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекеннің» «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу процестерін жетілдіруге қатысты ұсыныстары қолдау тапты

2020 жылғы 26 Ақпан
6872 просмотров

«Атамекеннің» «Самұрық-Қазына» қоры сатып алу процестерін жетілдіруге қатысты ұсыныстары қолдау тапты

 Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық алқа жұмысының шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Қоры сатып алуының жүйелі мәселелері жөнінде жиын өтті.

 Жобалық алқа жұмысының бір бағыты жергілікті қамтуды арттыру және отандық бизнестің реттелетін сатып алуларға қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін ескерсек, бұл мәселелер тұрақты негізде қаралатынын атап өткен жөн.

Анықтама үшін: «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту, импортты алмастыру және экспортты дамыту жөніндегі жобалық алқа 2019 жылдың наурыз айында  ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша құрылған. Жобалық алқаның төрағасы  – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.

Жиын барысында отандық өндірушілердің  «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алуларына қатысуын жоғарылатуға қажетті жүйелі өзгерістер жән бүкіл сатып алу процесінің транспаренттілігі мәселелері талқыланды.

Ұлттық палата Қор сатып алуларының қолданыстағы практикаларын негізге ала отырып, сонымен қатар 2020 жылдың қаңтар айында күшіне енген жаңашылдықтар бойынша бизнес өтінімдерінің талдауын таныстырды.

 Талдау шеңберінде Палата Қордың сатып алулары шеңберінде жетілдіруді қажет ететін ТОП-5 жүйелі мәселені таныстырды.  

 1. Сатып алулардағы бәсекелестікті жоғарылату

 ҚР Үкіметінің ағымдағы жылдың 24 қаңтарындағы кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезектегі міндет – ерекше жағдайларды абсолюттік минимумге дейін азайтып, сатып алуларды бәсекеге қабілетсіз тәсілдермен жүргізу пркатикасын қысқарту.

 Еске салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қордың ішкі холдингтік операцияларын қысқарту қажеттілігі туралы мәселені алғаш рет 2017 жылы көтерген болатын. Сол уақытта Қор ішкі холдингтік операциялар шеңберінде сатып алуға рұқсат етілетін тауарлар тізбесін бекітті. Қордың ақпараты бойынша, бұл шара ішкі холдингтік сатып алуларды 25 есе азайтуға және бәсекелестік ортаға 630 млрд теңгеден астам соманы беруге жол ашты.

 Мемлекет басшысының тапсырмасын ары қарай іске асыру мақсатында Қор бір көзден сатып алу әдісімен жүргізілмейтін тауар, жұмыс және қызметтер тізбесін бекіту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Осылайша, бұл жұмыс отандық жеткізушілердің Қордың сатып алуларына қолжетімдігін кеңейтіп, жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

 Мұндай тізбені ішкі нарықта екі немесе одан да көп өндірушінің болуы қағидаты арқылы бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, әзірлеу қажет.

 «Бірінші кезекте, «қарапайым заттар экономикасы» тауарларына назар аудару қажет деп санаймыз. Осы ретте аталған тізбе үстемдігі «жою және алып тастауларсыз» қағидаты бойынша сатып алулардың барлық форматтарына белгіленуі керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

 2. Техникалық сипаттамалардағы заңсыздықпен күрес

 Тағы бір маңызды жүйелі мәселелердің бірі техникалық сипаттамаларда заңсыз схемаларды жою мәселесі болып отыр. Осы бағытта Қор атқарған алғашқы қадам жасалды: ағымдағы жылдың ақпан айында техникалық сипаттамаларды қарауға рұқсат берілді. Енді барлық мүдделі тұлғаларға бәсекелестікті қолдан шектеу жайттарды анықтауда талаптар мен сипаттамаларды талдай алады.

Осы ретте, Ұлттық палатаның пікірінше, бұл мәселені жүйелі негізде шешу қажет. Бүгінде Қор сатып алуларының ережесі сатып алуларды жариялау кезінде тапсырыс берушілерге «басқа техникалық стандарттарды» пайдалануға рұқсат береді. Осылайша, «басқа» болып жекелеген ұйымдардың, басқа мемлекеттердің стандарттары, сонымен қатар ҚР аумағында қолданылмайтын техникалық құжаттаманың басқа кең номенклатурасы саналуы мүмкін. Тәжірибе жүзінде мұндай «анық емес» тұжырым нақты сауда маркаларын немесе өндірушілерді белгілеуге мүмкіндік береді, мұның өзі бәсекелестікті шектейді және отандық кәсіпкерлердің қапы жіберілген мүмкіндігі болмақ.

 Осыған байланысты, Ұлттық палата мемлекеттік сатып алулар ережесімен аналогиясы бойынша, ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың болмауы кезінде техникалық сипаттамаларда сатып алынбақ тауар, жұмыс, қызметтің талап етілетін сипаттамаларын белгілеуді ұсынды.

Аталған мәселені жою мақсатында, «Атамекен» Қорға нормативтік базамен қамтамасыз етуден бөлек, мәселені шешуге техникалық тұрғыдан келуді ұсынды: атап айтқанда, ТЖҚ БНА анықтамалығын Ұлттық техникалық құжаттар қорымен (ҚазИнСт) біріктіруді жеделдету, сондай-ақ Қор сатып алулары порталында форматты-логистикалық бақылауды белгілеу мүмкіндігін әзірлеу. Осы мақсатта ҰКП біркелкі тауарларға үлгілік техникалық сипаттамаларды әзірлеп, бекітуді ұсынды.

 3. Құрылыс материалдарын өндірушілердің тізілімі  

Ұлттық палата көтерген келесі мәселе «Самұрық-Қазына» қорының құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алу процесін жетілдіру болды. Айта кетелік, Қор шеңберінде 2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі жалпы көлемнің үштен бір бөлігін құрады.

 «Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы 250 млн теңгеден жоғары құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алулар кезінде Холдингтің тауар өндірушілер тізілімінде тұрған өндірушілерден тауарларды міндетті түрде сатып алу туралы талап қарастырылған. Осы ретте, өкінішке қарай, аталған тізілім отандық тауар өндірушілердің шағын ғана бөлігін қамтиды. Осылайша, 21 ақпандағы ахуал бойынша, Холдингтің тауар өндірушілер тізілімінде барлық салалар бойынша 573 отандық тауар өндіруші енгізілген, осы ретте құрылыс индустриясының өзінде 2 мыңнан астам тауар өндіруші жұмыс істейді», – деп атап өтті Дана Жүнісова.

Осыған байланысты, Ұлттық палата мемлекеттік сатып алулар аналогиясы бойынша Қордың құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу ережесінде отандық өндірістегі құрылыс материалдарын сатып алу бойынша талапты қарастыруды ұсынды.

 Қосымша ретінде «Атамекен» Құрылыс материалдарын отындық өндірушілер тізілімін Палата әзірлеген «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі базасында құру бастамасын көтерді. Мұндай тізілімнің артықшылығы көптеген дереккөзден, соның ішінде құрылыс материалдарын өндірушілер, мемлекеттік деректер базалары және Сертификаттаудың электронды жүйесі сынды ҰКП деректер базаларынан деректерді «online» режимде қалыптастыру және тексеру мүмкіндігінде жатыр.

 4. Жауапкершіліктегі диспаритет

Ары қарай, Ұлттық палатаның пікірінше, Қордың сатып алу процестерін жетілдіруден бөлек, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді қабылдау және төлеу процесінде бірыңғай талаптар мен шарттарды қамтамасыз ету өте маңызды.

Қор сатып алуларының шеңберінде кейбір ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдарының келісімшарттарына жасалған талдау тапсырыс берушілер және жеткізушілер арасындағы жауапкершілікте айтарлықтай диспаритет байқалады.

 Мәселен, көрсетілген келісімшарттардың «тараптар жауапкершілігі» бөлімінде жеткізушіде жауапкершіліктің 13 пункті белгіленген, ал тапсырыс берушіде болса – небәрі 1 ғана пункт жазылған. Көп жағдайда келісімшарттарда «Тапсырыс берушіге сұралатын басқа құжаттарды» беру туралы «нақтыланбаған» талаптар кездеседі.

Өз кезегінде, бұл теңгерімсіздік қабылдау мерзімідерінің созылуы және бизнеске қосыша шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан, «Атамекен» ҰКП Қорға тауар, жұмыс және қызметтерді қабылдау және одан әрі төлеу бойынша толық міндетті талаптарды қарастыратын үлгілік келісімшарттарды әзірлеуді ұсынды. Осылайша кәсіпкерлерге қойылған жемқорлыққа бастайтын артық және нақтыланбаған талаптарды алып тастауға мүмкіндік жасалады. Айта кетелік, үлгілік шарттарды қолдану практикасы мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.    

5. Тауар, жұмыс, қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодификациясы

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» сатып алуларында қолданылатын ТЖҚ БНА кодификациясы бойынша мәселені шешу маңызды. 2018 жылы кодттарды тексеру және қысқарту және кодтарды қалыптастыру регламентін жетілдіру бойынша бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде  кәсіпкерлер сатып алуларда ТЖҚ БНА анықтамалығын қолдану практикасына үйреніп қалды.

 Осы ретте, өкінішке қарай, бүгінде тапсырыс берушілерде сатып алуларды бір кодтар бойынша жоспарлауға, ал процес кезінде мүлде жаңа кодтарды құрып, олар бойынша сатып алуларды жүргізуге мүмкіндіктері бар, аталған кодтар жайында кәсіпкер мүлде хабарсыз болуы мүмкін.

 Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жоспарлауда ТЖҚ БНА кодификациясының маңызын ескере отырып, «Атамекен» ҰКП аталған анықтамалыққа мемлекеттік мәртебе беруді, сондай-ақ бір тоқсандағы ең аз кезеңді белгілей отырып, каталогқа өзгертулер енгізудің және сатып алу кезінде жаңа кодтарды қолданудың нақты тәртібін қамтамасыз етуді қарастыруды ұсынды.

 Жиынды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Роман Скляр «Самұрық-Қазына» қорына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарын қысқа мерзімде қорытуды тапсырды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер