«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда кәсіпкерлерге салық төлемдері жайлы қарапайым тілмен айтылды

2020 жылғы 23 Қаңтар
- Жетісу облысы
5285 просмотров

2020 жылдың 23 қаңтарында "Атамекен" ҰКП-ның қолдауымен Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцевтің қатысуымен «Салық қарапайым тілмен: САЛЫҚ-2020» атты жыл сайынғы тегін конференциясы өтті.

Семинардың мақсаты - салық салу саласындағы жаңашылдықтар туралы кәсіпкерлерді хабардар ету болып табылады.

Кәсіпкерлер салық салу, ҚҚС, салық жүктемесін оңтайландыру, тексеру түрлері, кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды пайдалану, еңбек қатынастары және т. б. туралы білді.

Конференция барысында микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий; салықтық тексеруге түскен компаниялар тізімі; микро және шағын бизнес салықтарын төлеуден босату; 2020 жылдан бастап патентті пайдалану құқығы; АСТ (бірыңғай жиынтық төлем); ТИС (үш құрамдауыш); кассалық аппарат үшін өтемақыны есептеу сияқты мәселелер қаралды.

"Соңғы уақытта кәсіпкерлер қоңырау шалып: «Бізді енді ешкім тесермесе, жеке кәсіпкерлігімізді жауып, тып-тыныш жұмыс істей бермейміз бе?», - дегенді айтатын болды.  Олай болмайды. Сіз бухгалтерлік есептеріңізді жүргізіп, салықтарыңызды әдеттегідей төлей бересіз. Салық төлеуге келгенде есептеріңізді нөлге теңестіріп отырасыз. Үш жылдан соң барлығы қазіргі уақыттағы жүйеге қайта келеді», – деді Дмитрий Казанцев.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қарапайым және қолжетімді нысанда ақша қаражатын қайтаруға өтінішті қалай беру керектігі; 2020 жылдан бастап шегерімдерді қолдануға қызметкердің өтініші қандай болуы тиіс; 2020 жылдан бастап МӘМС кім төлеуі тиіс, фискалдық чекке қойылатын жаңа талаптар қандай; кассалық аппараттағы чектің максималды сомасы қандай болуы мүмкін; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде фискалдық чектің қалай пайдаланылуы туралы айтып берді.

Кәсіпкерлер БКМ мен POS терминалды қолданбау үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы; мемлекеттен салық cash back деген не; 2020 жылдан бастап талап қою мерзімінің азаюы; тіркелген салықты алып тастау және т.б. туралы білді.

Кәсіпкерлер өз тараптарынан жарнамаға салық және жарнама деп танылатын нысандарды білу; тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық тексеруге қалай әсер етеді, ал ЭҚЖЖ (қызмет түрі) РБЖ қалай әсер етеді, 2020 жылы ЭШФ жазып беруге кім міндетті және "бір күндік" фирмаларды анықтау қалай және ЭШФ блоктауға қалай әсер етеді, 2020 жылдан бастап ілеспе жүкқұжаттар қандай болуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздеді.

«Бұл семинар біздің кәсіпкерлерге салық салу ерекшелігі бойынша жақсы мағлұматтар беруде. Себебі 2020 жылдан бастап салық төлемдері саласында үлкен өзгерістер енгізіліп отыр. Сондай-ақ биылдан бастап салықтық төлемдері мен тексерістер бойынша мораторий жарияланып отыр. Бүгінгі таңда Алматы облысында 122 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл мораторий біздің облыстың 110 мыңнан астам кәсіпкерлеріне оң әсерін тигізеді деп есептейміз. Бұл олардың жұмысына және бизнесті одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Дәурен Оңалбаев.

Конференцияға қатысушыларды Қытайдан әкелінетін тауарлар туралы өзара ақпарат алмасу тақырыптары; ЕАЭО кедені арқылы өтуге болатын ақша сомасы; 2020 жылдан бастап тапсырыстық сәлемдемелерді әкелу нормалары; Қазақстаннан тыс жерлерде жылжымайтын мүлкі, шоттары, карточкалары және өзге де активтері бар жеке тұлғалардың есептері; көлеңкелі экономикамен күрес жайлы тақырыптар көбірек қызықтырып, қызу талқыға түсті.

Конференцияға облыс орталығының және аудандардың 300-ден астам кәсіпкерлері мен бухгалтерлері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер