«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық банк акциялар және мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын тіркеуде өзгерістер жасалғанын хабарлады

2019 жылғы 17 Қазан
4613 просмотров

Жарияланған акциялар және мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер электронды форматқа ауыстырылды

Бұл қызметтер Egov.kz  – электронды үкімет веб-порталы арқылы электронды  форматта ғана көрсетіледі. Ұлттық банк аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы өтінімдерді қағаз түрінде кеңсе арқылы қабылдамайтын болады.

 Өзгерістер Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 22-тармағын орындау шеңберінде жүргізілді, аталған құжат мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және олардың электронды форматқа толық ауысуын қарастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер