«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық сиыр еті және ас тұзын Қытайға жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды  

2019 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
4252 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Гонконгтағы HKTDC Food Expo-ға қазақстандық делегацияның қатысуын ұйымдастырды, онда отандық компаниялар серіктестерді тауып, тауар жеткізу туралы уағдаласты.

HKTDC Food Expo – Гонконгтағы тамақ өнеркәсібіндегі ең ірі орын. Шара барысында азық-түлік пен сусындарды мыңдаған өндіруші мен жеткізушілер, азық-түлік супермаркеттері, нан зауыттары, арақ-шарап зауыттарының өкілдері 15-19 тамызда Гонконгта кездесті.

Food Expoдағы 2019 жылдың қатысушылары қазақстандық компаниялар болды, іс-шараға делегацияның қатысуын Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

«Meat Processing Group» компаниясы ҚХР-ға ет импортына рұқсаттама алды және алғаш рет Қытайға екі компаниямен 11 мың тонна сиыр етін жеткізуге келісімшарт жасады.

«Аралтұз» АҚ 300 мың АҚШ долларына алғашқы тұз жеткізу туралы уағдаласты. Бұдан әрі экспорт көлемі ұлғаятын болады. Ірімшік өндіру бойынша «Камертон» компаниясы және кондитерлік өнімдерді өндіруші «Нәзік» ЖШС, тікелей сығылған шырындармен «Sun Planet Organic» ЖШС және бал өндіру бойынша екі компания алғаш рет осы ауқымды халықаралық алаңға шығып, бірнеше серіктес тапты. Гонконгтағы ҚР Бас консулы Рашид Еришевке біздің барлық бастамаларымызға үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді!» – деді Акеркин Эралиева, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы төрағасының кеңесшісі, Қазақстан мен Орталық Азиядағы Гонконгты дамыту кеңесінің өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер