«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ ҰСЫНУ

 

 

 

«Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметке сервистік қолдау көрсетуді ұсыну» оның тиімділігін арттыру мақсатында экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде берілетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы кәсіпкерлік қызметіне сервистік қолдау көрсету қаржы жылы ішінде 12 ай ішінде жүзеге асырылады.

«Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметке сервистік қолдау көрсетуді ұсыну» КҚКО-ғы бизнес-процестерге қолдау көрсету бойынша мынадай мамандандырылған қызметтерді қамтиды:

№ 1. Бухгалтерлік және салықтық есепті, сондай-ақ статистикалық есептілікті құрастырумен байланысты қызметтер

  • салық салу және салықтық әкімшілендіру;
  • кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін салық заңнамасы және заңнама;
  • бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтардыжәне басқа да бюджеттік аударымдарды есептеу;
  • бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
  • бухгалтерлік есепті жүргізу;
  • «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу;
  • салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
  • бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құрастыру;
  • электронды статистикалық есептілікті ұсыну.

№ 2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер

  • кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы кеңестер беру;
  • тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі бойынша кеңестер беру, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру;
  • нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша кеңестер беру;
  • сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
  • сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша кеңестер беру;
  • Кеден Одағының шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша кеңестер беру;

№3. Кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықтың өтініштерін сүйемелдеу бойынша қызметтер

  • лицензияларды және рұқсат берулерді алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда;
  • несиелерді алу мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктерде;
  • мемлекеттік қолдау көрсету шараларын алу мәселелері бойынша даму институттарында;

№ 4. Заң қызметтерін көрсету

  • құжаттар тіркеуге, қайта тіркеуге, кәсіпорынды жоюға (жеке кәсіпкердің) дайындау бойынша консультациялық қызметтер;
  • құжаттар тіркеуге, қайта тіркеуге, кәсіпорынды жоюға (жеке кәсіпкердің) дайындау;
  • кеңес беру бойынша шарттардың жобаларын әзірлеу;
  • шарт жобаларын әзірлеу;
  • азаматтық және еңбек құқығы саласындағы кеңес берулер;
  • құжат айналымын жүргізу бойынша кеңес беру;
  • ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
  • бизнес-жоспардан басқа құжаттар пакетін несиелендіруге дайындау бойынша кеңес беру;
  • бизнес-жоспардан басқа құжаттар пакетін несиелендіруге дайындау;
  • кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша кеңес берулер;
  • ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
  • құжаттарды ҚР заңнамамысының талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты кеңес беру қызметтері;

№ 5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

  • баға саясатын әзірлеу бойынша кеңес берулер;
  • нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың қорытындылары мен жоспарларын талдауды, ұқсас тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
  • екінші деңгейдегі банктерінде қарастыруға ұсынылған бизнес-жоспарларды әзірлеу және дайындау бойынша кеңестер беру;
  • екінші деңгейдегі банктерінде қарастыруға ұсынылған бизнес-жоспарларды әзірлеу және дайындау
  • кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңестер;
  • кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) қызметін бағалау және талдау бойынша маркетингтік кеңес беру;
  • кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау;
  • тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді көтермелеу, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге деген сұраныс түрлерін зерттеу жоспарын талдау бойынша кеңес беру;
  • тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді көтермелеу, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге деген сұраныс түрлерін зерттеу жоспарын талдау;
  • бәсекелестік ортаны талдау бойынша кеңестер беру;
  • нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың қорытындылары мен жоспарларын талдауды, ұқсас тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын ескере отырып бәсекелестік ортаны талдау;
  • сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша кеңестер беру;
  • сауда маркасын, жарнамалық компанияны әзірлеу.

 

№ 6. Ақпараттық технологиялар қызмет көрсету саласындағы кеңес берулер

  • интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау көрсету;
  • кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) сайт-визиткаларын әзірлеу;
  • интернетте бизнесті құру және жүргізу;
  • есептерді электронды тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау;
  • «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау көрсету.

№ 7. Мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер

  • конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау;
  • конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерге сараптама (аудит) жүргізу;
  • Қазақстанның сатып алулары бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базадан тұратын интернетке дереккөзіне қосылу;
  • мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысу үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне кәсіпорынның/ жеке кәсіпкердің құжаттамасының сараптамасы (аудиті);
  • сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
  • қазақстандық қамтуды есептеу;
  • жылдық сатып алу жоспарларының негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алу нарығының сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру.

№ 8 Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында кеңес беру

  • жеке әріптесті анықтау бойынша байқау шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау;
  • жеке әріптестің
  • МЖӘ шарттары дайындау және жасасу;
  • МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері.

«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, құрал-жабдықтарды және қызметкерлерді оқытудың (сеньорлар) жаңа әдістерін енгізу мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту» құрамдасы - басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, құрал-жабдықтарды және персоналды оқытудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері бойынша тікелей кәсіпорындарда құрамдас қатысушыларына кеңес беру үшін табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

Құрамдасты іске асыру шарттары:

  1. құрамдас қатысушылары Бағдарлама шеңберінде экономиканың басымды секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін;
  2. шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығыстарға ақы төлеу, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрамдас бойынша шетелдік сарапшылардың ұшып келуі-кетуі және қызметтері бойынша шығыстарына ақы төлеу;
  3. шетелдік сарапшылардың көлік және тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағында тұруы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

«Іскерлік байланыстар» құралы халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен Бағдарлама шеңберінде экономиканың басымды секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

«Іскерлік байланыстар» Бағдарлама шеңберінде экономиканың басымды секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына беріледі.

Бірінші кезең Қазақстанның аумағында ғана жүзеге асырылады. Осы кезеңде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басымды секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін жоғарлату жүргізіледі.

Екінші кезең қатысушылар үшін шетелдерде  тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту құралын көздейді, ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуді және шетелдік әріптестермен байланыстар орнатуды қамтиды.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін Тізбе бойынша белгіленген үлгідегі өтініштерді және құжаттарды ұсыну қажет.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер