«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес

Үндеу

Астана қаласының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Елекеев Ирак ҚасымұлыАстана қаласының бизнес-қоғамдастығына.

Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қалалық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін жарықтандыру бойынша міндеттерді тиімді шешу мақсатында 2013 жылғы желтоқсаннан бастап кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес, 2017 жылы атауын өзгерткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

Кеңес құрамына Астана қаласы Прокуратурасының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі қалалық департамент, сондай-ақ жетекші бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, белгілі заңгерлер мен құқықтанушылар, қоғам қайраткерлері кіреді.

Кеңестің жиналысы барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзумен байланысты ең көкейкесті мәселелер, заңнаманың жүйелік мәселелері мен оларды құқықта қолдану практикасы талқыланады.

Құрылған кезден бастап күні Палатаға көмек сұрап келген кәсіпкерлердің 40-тан астам проблемалық мәселелері қаралған Кеңестің 22 отырысы өткізілді, қаралған мәселелердің көбі оң шешімін тапты.

Кеңесте қаралған көптеген мәселелер жүйелік сипатқа ие және оларды шешу  тек қана көмек сұрап келген кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар өз қызметін ұқсас салада жүзеге асыратын кәсіпкерлерге де оң әсерін тигізеді.

Мысалы, 2015 жылғы шілде айында алкоголь өнімдерін жүзеге асырғаны үшін жыл сайынғы лицензиялық алымды уақтылы төлемегені үшін кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жүйелі сұрақ қаралды. Бұл алымды төлеу тәртібі туралы дұрыс ақпарат бермеген салық органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің шағымдары болды.

Аталған мәселені Кеңесте қарау нәтижесінде қала Прокуратурасы барлық ұқсас жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы актілердің күшін жою туралы прокурорлық ден қою актісін шығарды, кәсіпкерлердің кең ауқымының айыппұлдары (бұл 100 АЕК – шамамен 200 мың теңге) күшін жойды.

Өткен жылдың тамыз айында Кеңесінде бөлшек сауда жүргізу үшін Астана қаласында уақытша сауда объектілерін ашу проблемаларымен байланысты мәселе қаралды.

Палата жүргізген талдау көрсеткендей Астанада сауда объектілерін ашу проблема болып табылады. Кеңес бұл проблема заңнамалық деңгейде шешімді талап ететін жүйелі сипатқа ие деп шешті.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттар Астана қаласының Прокуратурасына және әкімдігіне жолданды. Осыған байланысты, Астана қаласының әкімі А.Р.Жақсыбековсауда қызметін жүзеге асыруға арналғанқаладағы 1000 орынды анықтау туралы тапсырма берілді. Палатаның қатысуымен қазіргі уақыттаорындар анықталып, тиісті өтінімдерді қабылдау жүргізілуде.

Осы және басқа да табысты мысалдар көрсеткендей Палата жанында құрылған Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңесөзіне жүктелгенміндетті толық көлемде жүзеге асырады. Қазіргі таңда анық көрініп отырған оң нәтижеКеңестің барлық мүшелерініңжоғары кәсібилігінің, сондай-ақмәселені қарау және дайындау барысынажұмылдырылғанбарлық тұлғалар тарапынан кәсіпкерлердің проблемаларына бей-жай қарамаудың арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Кеңес – бұл әрбір кәсіпкерөз проблемаларын шешу үшіноған жүгіну мүмкіндігі бар институт және мен сіздерді осыған шақырамын.

Серіктестер