«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Хабарлама

Аккредиттеуге аймақтық, салааралық және салалық, сондай-ақшағын, орта және ірі кәсіпкерліктің қауымдастықтары шақырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жарнама жарияланған сәттен басталады және 2018 жылдың  8 ­­­­қыркүйегінде аяқталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ережелердің 1 Қосымшамен белгіленген нұсқадағы  қауымдастықтың мүдделерін сенімхатсыз қорғауға уәкілетті басшысы немесе сенімхат бойынша өкілі бар тұлға (сенімхат көшермесін қоса беру қажет) қол қойғанөтініш;
  2. қауымдастықтың іс-әрекеті туралы есеп және қауымдастықтың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
  3. қауымдастық мүшелерінің тізімі;
  4. қауымдастықтың аты-жөні мен атқарып отырған лауазымдары көрсетілген штат қызметкерлерінің тізімі;

Рәсімдеуге арналған құжаттар пакеті қағаз жүзінде немесе электрондық түрде Палата дирекциясына мына мекен-жай бойынша жіберілуі керек: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 («Мәскеу» бизнес орталығы), 9-қабат, 90-бөлме немесе e-mail бойынша: d.mustafina@atameken.kz. Байланыс телефоны: +7 7172 919 084

Ережелердің мәтінімен және өтінішпен келесі сілтеме арқылы өтіп танысуға және оны жүктеуге болады: http://atameken.kz/ru/pages/127-doku,IV тармақ, 3 бөлім.

«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Астана қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» жобасы аясында  22.05.2017  жылғы «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ  жер учаскілерін беру ережелеріне сәйкес жер учаскелерін жалға алу келісім-шарттарын алуға өтініштер қабылдауды бастады.

Өтініштер ағымдағы жылдың 5 ақпанынан 19 ақпанына дейін  http://new.smart.astana.kz/  сайтында қабылданады.  

Жер телімін алуға өтінішке  келесі құжаттар қосымша тіркеледі:

1) жеке кәсіпкердің қызмет түрі көрсетілген тіркеу жөніндегі куәлігінің көшірмесі/заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөнінде анықтама; 

2) жеке куәлік көшірмесі (жеке кәсіпкердің, директордың);

3) заңды тұлғаның жарғы көшірмесі;

4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);

5) өтінімді беру кезінде салықтық қарызы жоқтығы туралы анықтама;

6) потенциалды қатысушының  жеке есеп айырысу шотынан бекітілген кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк белгісі қойылған төлем құжаты;

7) ЖК/ЖШС есеп шоты туралы банктен анықтама (50 АЕК көлемінде).

Өтінімдер тек кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк шотының деректемелері:

БСН:                  

101 040 011 375

ЖСК:                  

KZ56998BTB0000068239

Бенефициар банкі: 

АО НК «СПК «Astana»

БСК:                  

TSESKZKA

БСК:                  

16

Банк:

Филиал АО «Цеснабанк» город Астана

Протокол:

-Потенциалды қатысушылардың аукционға болмаса комиссиялық іріктеуге рұқсат беру туралы, немесе  олармен тікелей немесе желілік келісім жасау туралы;

- потенциалды қатысушыларға жер учаскелерін ұсыну әдісі туралы;

- Сайыстың немесе аукционның өту мерзімі, уақыты мен орны туралы

Протокол http://new.smart.astana.kz/ веб-порталында өтініштер қабылдау мерзімі аяқталғаннан күннен  кейінгі 3-5 күннен кешіктірілмей www.astana.gov.kz, www.astana-spk.kz интернет ресурстарында жария етіледі.

Сайыстың өткізілу тәртібі мен өтініштер беру туралы қосымша ақпарат алу үшін «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ хабарласуға болады.

Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 8. каб.1413, телефон: 8(717) 261-35-54, Д.Конаева, д.8, каб. 1413.

Серіктестер