«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорданың үздік тауарын 13 шілде күні таңдайды

2019 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
3409 просмотров

2019 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауы «Астана» концерт залында өтеді. Оған жүзге жуық елордалық компания қатысады

 Елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы қатысушыларына арнап түсіндірме семинар өтті.

Семинар барысында байқауларға қатысу тәртібі мен ережелері таныстырылды.

   «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес байқаулар жыл сайын өтеді. Оған Қазақстан Республикасы аумағында тауар өндірісі, қызмет көрсетумен (қару және әскери техника өндірісінен басқа) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Дина Сақтағанова.

 Дәстүрге сай үздік тауарлар үш аталымда: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» таңдалады.

Биыл байқауларға азық-түлік, киім, текстиль, жиһаз, медициналық өнімдер, құрылыс материалдары және басқа да халық тұтынатын тауарларды шығаратын елордалық ондаған компания қатысады.

 Мәселен, дәріні егуге дейін және егуден соң тері бетін зарарсыздандыру үшін спирт сүлгілерін шығаратын «ФАИЗ» ЖШС бар. Бұл компания 10 жылдан астам уақыт өз өніміні бүкіл Қазақстанға жеткізіп отыр. «Amitech  Astana» ЖШС шыныпластикалық құбырларды өндіреді, «Қазақ оюлары» ЖШС көрпе-жастық шығарады. 

 «Байқауға екінші рет қатысып отырмыз. Биыл жүлделі орын алуға ниеттіміз. Компаниямыз гидрооқшалауға арналған өнім шығарады. Өнімнің Қазақстанда баламасы жоқ. Әлем бойынша Америка мен Ресейді қоса алғанда осындай үш зауыт бар», – деді «Пенетрон-Қазақстан» ЖШС өкілі Дмитрий Прусс.

Семинар барысында «Атамекен» ҚР ҰКП департаменті сарапшысы, ТМД сыйлығы байқауның сарапышсы Мадина Мұқатов байқаулардың ережелереі туралы ақпарат берді.

Еуропалық сапаны басқару қоры сыйлығы байқауының лицензиялынған валидаторы, профессор Азат Абдрахманов әлемде сапа саласындағы байқаулардың бастау тарихы туралы айтып, олар өнеркәсіп және кәсіпкерлік дамуына қосқан үлесі жайында ақпаратпен бөлісті.

 Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейде өтетін байқауға қатыса алады.

 Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының Жарғысымен «Атамекен» және оның өңірлердегі филиалдары «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының 2015 жыл 1 қаңтарынан бастап ұйымдастырушылары болып бекітілді.

 Толық ақпаратты www.altynsapa.kz  сайтынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер