«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс

2019 жылғы 15 Наурыз
- Астана қаласы
3795 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумның мақсаты – тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тіл саясатын елордамыздағы кәсіпкерлер арасында насихаттау жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қоғам тарапынан тілге деген сұранысын арттыру, тіл мәдениетін жоғарылату, мемлекеттік тілді дамыту бойынша  заң талаптарын орындау тұрғысында екіжақты қарым-қатынасты жолға қою.

Меморандумға Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Сыдықов және Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Сәкен Есіркеп қол қойды.

 Аталған Меморандум шеңберінде тараптар бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады, мәселен,  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінде заң талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу, кәсіпкерлерге тіл туралы заңнама талаптарының нормаларын түсіндіру, әдістемелік-көмек көрсетуді бірлесе атқару,  нысан атауларына қатысты қаланың тілдік келбетін бірізділендіру жолдарын қарастыру, ұсыныстар беру. 

Биыл сәуір айында  «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» жобасының аясында қалалық акция басталмақ.

Сәкен Есіркеп қалада жарнама беруде  мемлекеттік тіл нормаларын ұстану және нысан атауларына қатысты қаланың тілдік келбетін бірізді ету маңыздылығын атап өтті.

Данияр Сыдықов Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы қала бизнес-қоғамдастығы арасында жүргізілетін жұмысқа атсалысатынын айтты, ол үшін жарнама саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірлескен отырыстар, семинар-тренингтер, конференциялар өткізу көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер