«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» кәсіпорын жетекшілеріне арналған «Іскерлік байланыс» жобасына өтінім қабылдауды бастады

2019 жылғы 22 Қаңтар
- Астана қаласы
4759 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  өңірлерде жоғары және орта буындағы жетекшілердің біліктілігін арттыру  мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша оқуға  өтінім қабылдауды бастады.

Оқу курстары Қазақстан Республикасының барлық өңірінде 2019 жыл мамыр-қазан аралығында өтеді. Жоба екі кезеңнен тұрады.

Оқытудың бірінші кезеңі ел ішінде жүзеге асады. Қатысушылар бизнес-тренингтерден өтіп, бизнес-жоспарды әзірлеу, шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен жеке кәсіпорындарын дамытуға қажетті білім мен машықтарды игереді.

 Екінші кезеңде Жоба қатысушылар үшін шетелде бизнес-тағылымдамадан өту, сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату қарастырылған.

 Жобаға қатысуға қойылатын талаптар:

  • Кәсіпорын шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесіне жатады;
  • Кәсіпорынның қазіргі қызметі Экономиканың басымдыққа ие секторлары тізбесіне сай келеді (Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес)
  • Қатысушының қызметі – кәсіпорын жетекшісінің орынбасарынан төмен болмауы керек. 

Толық ақпарат алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары немесе «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаментіне хабарласу керек: 8 (7172) 919 347.

Байланыс-орталығы: кез келген қаладан: 1432 және Қазақстан бойынша 8-800-080-80-10 (кез келген қаладан тегін).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер