«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлемдегі ең бірінші Robo Wunderkind мектебі Астанада ашылды

2018 жылғы 10 Сәуір
- Астана қаласы
2349 просмотров

Робототехниканың болашағы жарқын

Мектепті  астаналық жас кәсіпкер Айбар Үсенов ашты.  Бүгінде ол Назарбаев университеті «экономика» факультетінің 2 курс студенті. Robo Wunderkind мектебін Астанада ашу идеясы оған 2016 жылы келген. Жобасын іске асыру үшін ол ең алдымен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасынына келіп кеңес алған. Одан кейін  палатада  тегін өткізілетін «Бизнес кеңесші» курсында кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп,  өзінің жеке бизнесін ашуды көздейді. Идеясын қағазға түсіріп «бизнес жоспар» жасауды үйрену  үшін, тағы да  ол кәсіпкерлер палатасындағы «Жобалық оқыту» курсына қатысып, аяқтайды.

«Әрине бұл жобаны жүзеге асыру үшін маған қаржы керек болды. Елімізде жаңадан өз кәсібін бастап жатқан кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілетінін естіп, қажетті курстарды оқыдым, одан кейін бизнес жоспарымда жасап, оны қорғадым. Тиісінше, грантты ұтып алдым. Қаржыға Robo Wunderkind мектебін ашуға қажетті қондырғыларды сатып алдым. Бүгінгі күні бұл мектепке 20 дан астам бала келіп оқиды. Қосымша тағы 3 адамға жұмыс аштым. Мемлекеттің мен сияқты жас кәсіпкерлерге жасаған қолдауына ризамын, мұнымен тоқтамай робототехника саласын елімізде одан әрі дамытуда өзге де идеялар ойластырып, оны жүзеге асыруды көздеймін», – дейді Айбар Үсенов.

Айбар ашқан Robo Wunderkind мектебі тек Астанада ғана емес, Robo Wunderkind модульдарымен жұмыс жасайтын әлемдегі ең бірінші мектеп атанды. Бұл мектептің ерекшелігі, ол қолдануға оңай және балалар арасында үлкен қызығушылық тудыратын Robo Wunderkind блоктары арқылы балаларды роботтар құрастыруды үйретеді.

«Бұл балалардың ойлау тез әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін технологиялардың бірі, мақсаты әрине балғын жастан әр баланы еңбекққорлыққа баулу», – дейді ол.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер