«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өрт қауіпсіздігі маңызды

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Астана қаласы
6007 просмотров

Өрт аудитын жүргізу мерзімі жайында ақпарат берілді

2018 жылдың 23 қаңтарында Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастамасымен «Ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау» және «Мемлекеттік өртке қарсы бақылауды және басқа да мемлекеттік қызметтерді өткізу тәртібі» тақырыптарда кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Іс-шараға қала прокуратурасы, «Нұр Отна» партиясы филиалы, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, сонымен қатар Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өрт қауіпсіздігі және техникалық регламентке қатысты  енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сонымен қатар қаланың жалпы өртке қарсы тұру жағдайы талқыланды.

 «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы бойынша филиалының Партиялық бақылау инспекторы  жемқорлық қатерлердің орын алу факторлары атап, оларға қарсы тұру бойынша негізгі принциптерін айтты.

 Кәсіпкерлер өрт аудитын жүргізу мерзімі, сондай-ақ, тәртіп бұзылса, қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жайында сұрақтарға толық жауаптар алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер