«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» медициналық сақтандыру жүйесіне төлем аудару талқыланды

2017 жылғы 25 Мамыр
- Астана қаласы
6054 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлем қабылдау мәселесін түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті

Баспасөз мәслихатына сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы департаментің директоры Жанна Оспанова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директор Забира Оразалиева  және Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген түзетулердің парламент қарауында жатқанын және ұсынылған өзгерістердің жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна мөлшерін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

«Жұмыс берішулер үшін жоғары мөлшерлерме 5%-дан 3%-ға дейін азайтылды, ал жеке кәсіпкерлер үшін 7%-дан 5%-ға қысқартылды. Бастапқы кезеңде барлық санаттағы жарна төлеушілер үшін мқлшерлеме көлемі азайтылды», ­– деп хабарлады Забира Оразалиева.

«Жарна мөлшерін төмендету туралы ұсынысты әу баста Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған болатын. 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскердің айлық жалақысының 1 пайызын Қорға аударады. Бірақ аударылатын жарна мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан аспауы тиіс», ­– деді Жанна Оспанова.

«Жұмыс берушілер төлейтін ең жоғарғы жарна мөлшері 5 пайыздан 3 пайызға дейін, жеке кәсіпкерлердің жарнасы 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді. Жалпы, жүйеге қатысатын барлық санаттар үшін төлейтін жарна мөлшері төмендетілді», – деді Забира Оразалиева.

Заңға ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, 1-шілдеден бастап жұмыс берушілер қарамағындағы әр жұмыскердің айлық жалақысының 1 пайызы көлемінде жарна төлейді. Бірақ, жарна мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан аспауы тиіс (366 885 теңге, 1 АЕК – 24 459 теңге). Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жекеменшік нотариустар да жүйеге 1-шілдеден бастап қосылады. Бұл санаттағылар 2017 жылы ай сайын 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызы немесе 2 445,9 теңге көлемінде жарна төлейді.

Мемлекет 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 санаттағы 10 миллионға жуық адам үшін МӘМС жарналарын төлейді.

Брифинг барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражаттың қозғалу схемасы да таныстырылды. Атап айтқанда, төлеуші жарнаны екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» бөлімшесі арқылы төлейді. Мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» терминалы арқылы өңделеді. Онда соманың дұрыстығы, алушының аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі тексеріледі. Егер берілген мәліметтер дұрыс болса, қаржы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есеп-шотына, ал, төлемдерге қатысты мәліметтер салық органдарына жіберіледі. Мәліметтер дұрыс енгізілмеген жағдайда ақша төлеушінің шотына қайтып оралады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер